AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының әкімі қалаға қарасты ауылдарды аралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Тұрғындар үшін өзекті газбен қамту, су жүргізу, электр желісін тарту және жол сапасын жақсарту мәселелеріне ұдайы мән беріледі. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласының шеткері аймақтарына барып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. 

Алдымен аймақ басшысы Ақжарма ауылдық округіне қарасты Талдыарал ауылына барды. Мұнда тұрғындар ескі жатақхананы игілікке асыру және мектеп жанынан шағын балабақша ашу мәселесін көтерді. 1965 жылы салынған 2 жатақхананың біреуінің қазірде тозығы жеткен. Оның орнына жеке кәсіпкер ғимаратты спорттық нысанға қайта бағыттауға ұсыныс білдірді. Облыс әкімі балалардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау үшін бос тұрған ғимаратты тиімді пайдалану қажеттігін айтып, ауыл әкіміне тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды. Ал, мектеп жанынан балабақша ашу ұсынысы ескерілетінін және тиісті деңгейде қаралатынын жеткізді.  

Мұнан кейін Гүлшара Әбдіқалықова Баймұрат батыр ауылының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Ауыл ақсақалдары дәрігерлік амбулаторияны салу мәселесін көтеріп, көшені жарықтандыру керек екенін алға тартты. Қажеттілікті ескере келе, аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын амбулаторияны салу үшін өткен жылы 3,4 млн.теңгеге жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда құрылысты бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал, электр желісін тарту үшін тиісті құжаттар әзірленген.

Әрі қарай облыс әкімі Ақсуат ауылдық округіндегі Ж.Махамбетов ауылына аялдады. 10 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда газ желісін жүргізу өзекті. Тұрғындар бірнеше жылдан көгілдір отынға қосу мәселесін көтеріп келеді. Ауыл ақсақалдарымен тілдескен өңір басшысы тұрғындардың талап-тілегіне орай ауылды көгілдір отынға қосу жұмыстары екі жылда аяқталып, биыл ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 5 көшеге газ құбыры орнатылатынын жеткізді. Бұл ретте мердігер компания басшысына жұмысты сапалы әрі уақытында орындауды тапсырды.

Еске салайық, облыс әкімі осы уақытқа дейін 100-ден аса ауылға барып, тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Әлеуметтік мәселелерді шешу нәтижесінде өңірде газбен қамту 67%, жақсы жолдардың үлесі 75%, ауыз су жүргізу 98% жеткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр