Қызылорда облысында сауда үйі өртеніп, төбесі опырылып түсті

Фото: Pixabay.com
Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында екі қабатты сауда үйінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт сөндірушілер ғимаратқа жеткен кезде сауда үйінің төбесі опырылып түскен. Өрт тез таралып, қатты түтін жалынды өшіруге кедергі келтірді.
Өртті сөндіруге бірнеше су атқыштары, 20-ға жуық адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Су тоқтаусыз жеткізілді.
Жүк көлігі өртеніп кеткен ер адамға қазақстандықтар 20 миллион теңге жинап берді
288 шаршы метр аумақта өрт ауыздықталып, сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске салсақ, Шымкентте әкімдік ғимаратынан өрт шыққан еді.
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр