БАҚ: Қызылорда облысында алты жыл бұрын салынған мектеп апаттық жағдайда тұр
Қызылорда облысында салынғанына небәрі алты жыл болған мектептердің бірі пайдалануға жарамсыз болып танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” порталына сілтеме жасап.
Арал ауданындағы Жіңішкеқұм ауылында жаңа мектеп салынуда. Өйткені 1 қыркүйекте балаларды ескі мектепке жіберу өте қауіпті. Мұндай үкімді апаттық жағдайда тұрған бұрынғы мектепті тексерген сарапшылар шығарған.
“140 орындық №248 орта мектеп облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен салынып, 2015 жылы пайдалануға берілген. Бірақ екі жыл бұрын ол төтенше жағдайда деп танылды. Бұл туралы " NTDK Group" ЖШС мектептің спорт залының жарамсыз болып қалғанын және қабырғаларының жарылғанын жеткізді”, – деді Қызылорда облысының әкімдігі.
Әкімдік бұл қателік үшін біреу жазаланды ма, жоқ па ол жағын айтпады.
“Бұл мектептің салынғанына небәрі алты жыл болғанына қарамастан, қазіргі жағдайы балалардың өміріне қауіп төндіруде. Жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Бұл мәселені біз жеке инвестор арқылы шештік”, - деп өкінішпен атап өтті Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
