Қызылорда облысында 500 оқушы 7 шақырым жердегі мектепке қатынап оқиды
Қызылорда облысы Қазалы ауданында 500-ден астам оқушы білім алу үшін 7 шақырым жердегі мектепке қатынап оқиды. Себебі өздерінің ескі мектептерін 2013 жылы шенділер апатты деп таныпты.
Ата-аналарға жергілікті билік сол кезде ескі мектептің орнына жаңасын салып береміз, ал әзірге балалар шалғайдағы мектепке уақытша қатынап оқиды деп сендіріпті. Десек те 6 жыл өтсе де балалар әлі де шеттегі білім ордасына қоғамдық көлікпен қатынап келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл - Әйтеке би кентіндегі тұрғындардың талабы. 6 жыл бұрын жергілікті әкімшілік ауылдағы ескі мектепті бұзып, оқушыларды уақытшаа көрші кенттің білім ордасына ауыстырған. Бірақ ауылда мектеп сол күйі салынбады, деп ашынады жұрт. Өйткені 500 оқушы үшін бүгінде өзге кенттің мектебіне бару мұңға айналған.
"Ешқандай ата-аналарға мектеп әкімшілігінен болсын, ауданнан болсын мектептеріңізді бұзамыз деген сөз айтылған жоқ. Естіген жоқпыз, міне ата-аналар тұр. Бірден келді де оқушыларды анау ауданның күн шығыс шетінен мектеп салып қойыпты сол жерге көшесіндер деп алып кетті, - деді тұрғын.
Ал мынау ескі мектептен қалған күл- қоқыстар. Тұрғындардың сөзінше, әкімдік ғимаратты бұзған күйі қалдырып кеткен. Ең құрығанда, "тастардан тазартсың" деп талай рет шенеуніктердің есігін қағыпты. Бірақ, нәтиже жоқ!
"Кент әкімінің орынбасары екі камаз жібердім дейді трактормен барлығы өтірік! Өткенде тек жұмысшыларды жіберді, өртеді қоқыстың барлығын. Көршілер өртенуге сәл қалды", - дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Абылхайыр Елеусінов.
Ең сорақысы оқушылар үшін көктем мен қыс айларында жүріп-тұру қиын. Мектеп жолы шұрық-тесік болғаны былай тұрсын, айналасы ми батпақ. Одан қалса, білім ордасына уақытылы жету үшін таңғы 5-те тұру қажет. Себебі, мектепке баратын автобус таңертең 6-да ғана жүреді.
"Қыстың күні болсын, көктем болсын балдарымыз батпаққа малынып, автобусқа міне алмай жатады. Әр жерге таксиге жүгіріп жатады. Мына 728 оқушыны жан жаққа бөліп жіберді. Мына екі мектептің ортасы 7 км жер. Жеті километр жерге осылай балдар қатынап жүр. Бізге халыққа еш аяушылық жоқ, балаларға да аяушылық жоқ осы тұрғанда", - дейді тұрғын Ардақ Садықов.
Ал шенеуніктер мәселені шешуге асығар емес. Айтуларынша, "ескі мектептің орнына жаңасын салудың бір-ақ жолы бар".
"Ол жерге қала құрылысы нормалары мен ережелеріне сәйкес жаңа мектепп салуға жер көлемі келмейді. Сол сеебпті біз кәсіпкерлерге осы ұсыныс білдіудеміз, сол жерге ГЧП арқылы жаңа мектеп салу сол өз есебінен немесе бастауыш мектеп салу сол жөнінде ұсыныс айтылған. Қазіргі таңда жобалары, есептемелеі жүргізілуде", - дейді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.
"Бізге жақын жерден мектеп салып берсе. Қыста тонамыз, көктемде балшық болады. Сабаққа екі сағат бұрын барамыз", - деді оқушы Сұңғат Әмит.
Осылайша, таңертең автобусты қарауылдаудан шаршаған оқушылар, ауылдың ішінен мектеп салса деп армандауда. Ал жергілікті атқамінерлер бар үміт кәсіпкерлерге артып отыр.