Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев еуропалық әйелдерге қарағанда қазақстандық аналардың жолы болғанын айтты

Тоқаев қазақстандық бір топ әйелді марапаттадыФото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада қазақстандық аналардың жолы болғанын айтып, олардың жағдайын еуропалық аналардың ахуалымен салыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы отбасы құндылықтарын күшейтетін жаңа нормаларды атады.

“Қазақстан әлеуметтік саясатқа әрдайым жауапкершілікпен қараған. Шын мәнінде мұқтаж азаматтарымызға нақты, атаулы көмек көрсетіледі. Бұл саясат алдағы уақытта да жалғасады. Мысалы елімізде бала дүниеге келген кезде тиісті әлеуметтік төлемдер жасалады. Берілетін қаржының көлемі қомақты. Бұдан бөлек, сәби бір жарым жасқа толғанша жөргекпұл төленеді. Көптеген мемлекетте, соның ішінде Еуропаның бай-қуатты елдерінде әйелдер екі-үш айдан кейін жұмысқа шығуға мәжбүр. Ал Қазақстанда жас аналар үш жылға дейін үйде отырып, бала тәрбиесімен алаңсыз айналыса алады. Сондай-ақ олардың жұмыс орны сақталады, декрет демалысындағы уақыты еңбек өтіліне қоса есептеледі”, – деді президент.


Тоқаев Әзірбайжанға жасалған дрон шабуылын қатаң айыптады

“Әйелдің қадірі – елдің қадірі”: Тоқаев қазақстандық бір топ әйелді марапаттады


Президент ана мен баланы қолдауға айрықша мән беретінін жеткізді.

“Бұл бағытта қажет заңнамалық және институционалдық шаралар қабылданды. Енді, міне, отбасы институтын қоғамның тұрақты дамуының өте маңызды факторы ретінде Конституция деңгейінде күшейтеміз. “Неке – ер мен әйелдің мемлекеттік заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы” деген норма алғаш рет бекітіліп отыр. Мұндай заң ережесі балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әйелдер мен аналардың отбасындағы рөлін нығайтуға мүмкіндік береді. “Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады” деген норма заманға сай жаңа мазмұнмен толықты. Құқықтық тұрғыдан анағұрлым дәл тіркестер арқылы қыздарды тұрмыс құруға мәжбүрлеу секілді ұят құбылыстарға Конституцияда тосқауыл қойылады”, – деді ол.

Еске салайық, бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бір топ әйелді марапаттаған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 17:13