Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздар балиғат жасына келгенде бірақ орамал тағады - Бас мүфти

Қыз балалар балиғат жасына келген кезде бірақ орамал тағуы керек. Осылай деген ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамда дау туғызған орамал мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: muftyat.kz

Бас мүфти Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XXI отырысына қатысты. Жиын соңынан кейін Наурызбай қажы БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді. 

Бас мүфти қыз балаларға орамал тағудың шариғатта көрсетілген талаптары барын айтты. Оның айтуынша, қыздар орамалды тек балиғат жасына жеткенде бірақ киюі тиіс. 

Наурызбай қажы еліміздегі орамал тағуғаға қатысты даулы мәселе мүфтиятта қаралып жатқандығын мәлімдеді.

“Біз ең алдымен қоғамдағы тыныштықты ойлауымыз керек. Ал, мектептегі оқушылардың мәселелерін ұстаздар өзара кеңесіп шешкені абзал.   Мүфтият қыз баласының орамал тартуға қатысты шариғат талабын осыған дейін де айтқан еді”,- деді бас мүфти. 

Наурызбай қажы елімізде мүфтиятқа қарасты 9 медресе орталығы жұмыс істейтінін айтты. Соның ішінде қыздарды қабылдайтын арнайы медресселер де бар. Айтуынша, оларды 9 сыныптан бастап қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі бекітіп берген стандарттар бойынша білім беріледі. Сонымен қатар аталған медреселерде зайырлы және діни пәндер оқытылатынын атап өтті.


 

Талқылау