Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Қыз зорлады деп айыпталған танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

жанкош тұраров

Жәбірленуші Әнару Құрманалиеваның адвокаты Ләззат Ахатова іс қайта қозғалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық істің қысқартылғаны туралы қаулы жарты ай бойы берілмеген. 

“Бас Прокуратураға жазылған шағымның, желідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, әділетті Қазақстанға сенім оятататын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық.

Сонда да қайтадан депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, “жаман айтпай, жақсы жоқ” дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды”, – деді адвокат.

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды. Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты. 29 қазанда қылмыстық іс тоқтатылды.

Талқылау