Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз сынына" қатысып жатқандаймын": Желіде "Күміс алқаға" құжат жинаған блогер келіншектің әзілі жұртты күлдірді

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Ғалым Махамбетовтің әйелі, блогер Әсия Тәңірбергенқызының әзілі жұртты күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/galym_makhambetov/

Блогер "Күміс алқа" наградасын алуға қажет құжаттардың ішінде ананың өмірбаянын қолдан жазу керек дегенді әзілге айналдырды. 

“Осы мәліметтің бәрі базада бар емес пе?! "Қыз сынына" қатысып жатқан секілдімін. Пакеттен көйлек жасап әкел демесе болар еді", – деді блогер. 



Одан кейін “өмірбаянды қолдан жазған пайдалы екен” деп тағы бір қалжың видео жариялады.

“Өмірбаянға не жазамын деп ойланып отырсам, туған кезімнен бастап, мектеп бітіргенім, университетке түскенім, дипломым бар екені есіме түсті. Үкіметті енді түсіндім. Өмірбаяндарыңды жазыңдар, сол кезде кім екендеріңді түсінесіңдер. Бұл – дұрыс екен. 6-7 бала туып, адамның миы алжып қалады да, өзіңнің кім екеніңді ұмытып қалады екенсің ғой. Бұл "сенің дипломың бар ғой, бала туып болсаң, енді жұмыс істе" деген сөз екен. "Үкіметтің беретін 25 мың теңгесіне сенбе, жұмысыңды істе" деген сөз екен. Бұл – терапия", – деп қалжыңдады блогер Әсия Тәңірбергенқызы.

Еске салайық, қазақстандық психологтар әлеуметтік жағдайы төмен әйелдердің не себепті көп бала туатынын түсіндірген еді. 

@asiya_tanirbergenkyzy #күмісалқа ♬ оригинальный звук - Асия Тәңірбергенқызы
Талқылау