Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз босануға келемін": Ерке Есмахан үшінші мәрте ана болғысы келетінін жасырмады

Жұлдызды жұп Ерке мен Raim сәби сүйген болатын. Декреттік демалысқа кеткен әнші тағы бір мәрте ана болғысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнерлі жұп сәбиге Ислам деп ат қойды. Сондай-ақ әнші перзентханадағы бөлмесін көрсетіп, бәрін өзі қалағандай жасағанын айтып өтті.  

“Менің тазалықты, әдемілікті, уютты жаным сүйетінін оқырмандарым жақсы біледі. Перзентханада жататын палатамды да өзім жабдықтадым ғой, бөпетайдың және өзімнің көңіл күйім үшін. 5 жұлдызды қонақүйде жатқандай болдық. “Сәби әлемі” орталығына рахмет. Әсіресе Тажкеева Айгүл Балгабаевна, Галиева Жұлдыз Талаповна ханымдарға алғысым шексіз. Енді Алла бұйыртса, қыз босануға келемін. Әумин!” – деп жазды жеке парақшасына әнші. 

Желі қолданушылары Еркеге арманының орындалуын тілеп, жарыса құттықтап жатыр. Енді бірі перзентханада жас аналарға жағдай жоғын айтып, мәселенің шетін шығарды. “Барлық ана сіз секілді палатада босансын” деп тілек жазды. 

Айта кетейік, әнші Тамара Асар сәбилі болған Ерке мен Raim-ға тілек жазамын деп күлкіге қалған болатын. 

“Ағысқа қарсы жүзген екі ғашық.

Бүгінде жатыр екен, уылдырық шашып,

Еркені туған күнмен құттықтайық,

Шын ниетпен қуанып, көңіл тасып”, – деп өлең арнаған болатын. 

Ал желі қолданушылары Тамара Асардың әншінің сәбилі болуын уылдырық шашуға теңегенін сынға алды. "Махаббатқа, аң мен құсқа теңеген қазағым енді уылдырық шашқызыпты", "Басқа адам бұл тілекті жазса, тұрпайы дер едім", "Бүгінде жатыр екен ұрпақ сүйіп десеңіз дұрыс болады", "Қазақтың мағына сөзі ғой", "Бастысы, ұйқас келсе болды ғой", – деп пікір білдірді желідегілер. 

 

Талқылау