Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз болып киініп түрмеден қашпақ болған қылмыскер өзіне қол салды

Үш күн бұрын қыз ретінде көрініп, қашуға тырысқан есірткі сатушы Клаувин да Сильва Бразилияның түрмесінде өлі күйінде табылды.

Клаувину да Силва

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, ұсталып қалған ол жалғызадамдық камерада отырып, өзін-өзі өлтірген.

5 тамыз күні қашқынның ұсталып қалған видеосы желіде тарады. Қылмыскер силикон бетперде мен парик киіп, қыз кейіпте түрмеден қашуға тырысты. Шамасы, ол қызын түрмеде қалдырмақ болған. Өзін қызы ретінде таныстырды.

42 жастағы Да Сильва тыйым салынған заттарды сатқаны үшін 73 жыл 10 ай жазаның мерзімін өтеп жатты. Ол Бразилияның есірткіні тарататын ең ірі желісі "Қызыл топ" қылмыстық ұйымының мүшесі болды.

Талқылау