Әйелдің киімін киген жазасын өтеуші түрмеден қашып кетпекші болды (видео)
Есірткі сатумен айналысқан 73 жастағы Клаувино да Силва әйелдің маскасын киіп, түрмеден қашпақшы болған. Ол өзін туған қызы ретінде таныстырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Globo сайтына сілтеме жасап.
Ол Рио-де-Жанейродағы түрмеде жазасын өтеп жатқан.
Оған әйелдің маскасы мен жасанды шашты келушілердің бірі берген. Ол өзін 19 жастағы қыз ретінде көрсетіп, түрмеден біржола қашып кетпекші болады. Басында оған ешкім мән бермеген. Алайда, шыға берісте оны тексерушілер ұстап алған.
Полиция осыған қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен