Отбасына аман-есен оралды: Арыстағы қыз алып қашу оқиғасының мән-жайы белгілі болды
Түркістан облыстық полиция департаменті Арыста ер адамдар алып қашқан қыздың жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде бір топ ер адамның қызды алып қашып жатқан сәтінен видео жарияланған еді.
«Полицейлер оқиғаның Түркістан облысы Арыс қаласында болғанын анықтады. Қыз баланың анасы полицияға арыз жазған. Қазіргі сәтте қыз бала отбасына қайтып оралды. Аталған факт ҚР ҚК «Адам ұрлау», 125-бабы бойынша тіркелді. Күдікті өзі алып қашқан қызбен бірге оқығанын, оны шаңырақ көтеру үшін алып қашқанын айтты», - деді полициядағылар.
Қазіргі сәтте аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”