Түркістан облысында қыз алып қашқан сәт видеоға түсіп қалды (видео)
Желіде қыз алып қашу сәтінің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгердің видеосы v.shymkente инстаграм парақшасында пайда болды. Кадрда үш жігіттің бір қызды көлікке қалай мәжбүрлеп кіргізгені көрсетілген. Жақын жерде бір жігіт жігіттерді тоқтатпақ болған, бірақ ұрлауға қатысушылардың бірі оны итеріп жібереді.
Түркістан облысының полиция басқармасы оқиғаның Арыс қаласында 23 желтоқсанда болғанын растады.
Жігіт қызбен үйлену үшін ұрлады.
«Бүгін Арыс полиция бөліміне жергілікті тұрғын, жәбірленушінің анасы арызданды. Оның арызы Қылмыстық кодекстің 125-бабы «Адам ұрлау» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Айтуынша, қыз оны ұрлаған жігіттен бас тартқан, содан кейін ол үйіне оралған.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ