Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Киви: ағзаға пайдасы мен зияны
Кивидің артықшылықтарымен қатар қарсы көрсеткіштері де бар. Оның адам ағзасына пайдасы мен зияны қандай? Бұл жайлы Stan.kz ақпараттық агенттігі толығырақ түсіндіріп өтеді.
Киви – бұл тек дәмді ғана емес, сонымен қатар денсаулығымызға керек нағыз пайдалы жеміс. Бұл жеміс киви құсының құрметіне осылай аталған.
Витаминдер қоймасы
Орта пішінді екі киви С витаминінің тәуліктік нормасын 230% -ға өтейді, бұнда апельсинге қарағанда дәрумен мөлшері екі есе көп. Ал С витамині иммундық жүйені ынталандырады, стресске және жасқа байланысты процестерге қарсы тұруға көмектеседі. Сонымен қатар, С витамині темірдің жақсы сіңірілуіне және жаралардың жылдам жазылуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, киви құрамында холестеринді төмендететін және адамның иммунитетін нығайтатын әлеуетті антиоксидант E дәруменінің бірегей, майсыз формасы бар.
Құрамында серотонин көп
Киви жемісінде серотониннің өте көп болуы, бұл жемісті ас қорыту және жүрек-тамыр жүйесі үшін өте пайдалы етеді. Серотонин есте сақтау қабілетін, көңіл-күйді жақсартады және ақпарат қабылдауды ынталандырып, тәбетті қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар, серотонин тез және ауыртпалықсыз оянуға ықпал ете отырып, ұйқыны сапалы және сандық түрде жақсартады.
Құрамында магний мен калий бар
Екі кивиде шамамен 30 мг магний бар, ал бұл жүйке мен бұлшықеттердің жұмыс істеуі үшін маңызды зат. Сондай-ақ, киви калийге бай, онда калий мөлшері бананға қарағанда екі есе көп. Ал кивиді үнемі тұтыну қан қысымын реттейді, инсульт және бүйрекке тас жиналу қаупін төмендетеді, сондай-ақ остеопороз бен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. Таңғы аста бір киви жеу қанды сұйылтатын аспирин секілді тиімді. Сонымен қатар, кивиді тұтынғанда жанама әсерлер болмайды және ол әлдеқайда пайдалы.
Тыныс алу үшін пайдалы
Зерттеулер көрсеткендей, кивидің құрамында С витамині болғандықтан, ол тыныс алу органдарындағы ауыртпалықты жеңілдетіп, қырылтаудан, жөтелден және демігуден арылтады.
Көру қабілетін жақсартады
Кивидің құрамында жасқа байланысты болатын көру қабілетінен айырылуға жол бермейтін фитохимиялық лютеин бар. Лютеин сондай-ақ, көзімізді еркін радикалдардың зиянды әсерінен қорғайды. Адам ағзасы лютеинді өздігінен синтездей алмайды, сондықтан оны тек тағаммен ғана ала аламыз. Сондай-ақ, кивидің құрамында зеаксантин бар, ал ол заттың жетіспеушілігі көру қабілетіне кері әсер етеді.
Киви туралы көбісі біле бермейтін деректер
Киви жемісінің құрамындағы флавоноидтер мен каротеноидтердің анкарацциногендік әсері бар екені дәлелденді. Олар ДНҚ-ны тотықтанудан қорғайды және рак клеткаларының пайда болуына жол бермейді.
Кивиді өз денсаулығы мен сымбатына назар аударатындай жақсы бағалайды. Оның құрамында калория аз және май жоқ. Дегенмен, киви ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті талшықтарға бай.
Сонымен бірге, киви жүкті әйелдер үшін қажетті жеміс, оның құрамында жатырдағы қан жасушаларын өндіруге қажетті фолий қышқылы өте көп. Бұл экзотикалық жеміс еркектерге де пайдалы: кивидегі аминқышқылдардың аргинині импотенцияны емдеу мен алдын алуда қолданылады.
Кивидің қандай зияны бар
Кейбір адамдарда киви аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Көп жағдайда кивиді тым көп мөлшерде жейтін адамдарда дененің түршігуі және аллергияның әртүрлі түрлері дамиды.
Киви қаншалықты пайдалы болса да, осы жемісті асыра пайдалануға болмайды. Киви жемісін көп жеу ісінуге, ал кейбір жағдайларда анафилаксияға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, ісінуден бөлек, кивиді көп мөлшерде тұтыну демікпе, бөртпе, терінің қызаруы және ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркенуіне әкелуі ықтимал.
Кейде кивиді шамадан тыс қолдану тағамдық аллергия синдромын дамытады, мұндай жағдайда адамның ерні, тілі мен шырышты қабаты ісініп, аузында ауырсыну және қышу сезімі пайда болады.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
