"Қытаймен толықтай байланысымызды үзуге мүмкіндік бар" - Дональд Трамп

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Қытаймен байланысты үзу мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Трамп

Бұл туралы АҚШ президенті өзінің твиттердегі парақшасында айтты.

"Бәлкім мен бұл жағдайды толықтай түсіндіре алмаған шығармын, бірақ АҚШ-тың әр түрлі жағдайда Қытаймен толықтай байланысын үзуге мүмкіндігі бар. Рақмет!", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп 2020 жылы сәуірде егер Қытай COVID-19-дың таралуына әдейі жол берсе, Қытай үшін мүмкін болатын салдар туралы ескерткен болатын.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайдан коронавирус пандемиясының пайда болуына қатысты айқындықты талап еткен болатын. Алайда, вирустың Уханьдағы зертханадан шығуы мүмкін екенін растаудан немес жоққа шығарудан бас тартты.

Өз кезегінде Қытай сыртқы істер министрлігі Қытайдың басынан бастап коронавирус инфекциясының эпидемиясы туралы мәліметтерді жариялауға қатысты ашық және жауапты ұстанымға ие екенін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр