Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық компания кездесуге шығып, қарым-қатынас құрған қызметкерлерге 68 мың теңге төлеуге уәде етті

Қытайда Insta360 компаниясы романтикаға арналған ынталандыру бағдарламасын енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Жаңа бағдарламаға сәйкес, компания жәй танысқандарға емес, табысты қарым-қатынас құрған жұптарға қомақты ақы төлейді.  

“Insta360 фотокомпаниясы жалғызбасты жұмысшылар өзіне серік табуы үшін ақшалай сыйақы тағайындайды. Ол үшін жұп болып ғана қоймай, сәтті қарым-қатынас құрған жөн”, – делінген басылым хабарламасында. 

Компания басшылығы өздерінің арнайы танысу платформасында екі түрлі компанияда жұмыс істемейтін жанмен жұп құрған адамға 66 юань (4 мың 514 теңге) төлеуге уәде берді. Дегенмен, сыйақы көлемі 66 юаньмен шектелмейді.

Таныстықтан соң тарифтер өседі. Егер қызметкер үш ай немесе одан да көп уақыт қарым-қатынасты сақтаса, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына 1000 юань (68 мың теңгеден аса) төленеді.

Бағдарлама басталғалы платформаға 500-ге жуық адам тіркелген. Бұл бастама күлкілі болып көрінуі мүмкін. Дегенмен соңғы жылдары Қытайда үйленетіндер саны азайып барады. Сонымен қатар туу көрсеткіші де төмендеп жатыр. Дегенмен, мұндай көрініс әлемнің басқа елдерінде де байқалады.

Қазақстанға әзірге мұндай соны шаралармен қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі Қазақстан туу деңгейі ең жоғары елдердің бірі. Болжам бойынша, 2027 жылға қарай елімізде бала саны 8 миллионға дейін артады.

Талқылау