Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық дәрігер COVID-19 эпидемиясының әлемдік шарықтау шегін атады

Қытайдың жетекші эпидемиологы Чжун Наньшан коронавирустың әлемде таралуының шарықтау шегі жайлы болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның пікірінше, егер COVID-19-ға қатысты жағдай осы қарқынмен дамитын болса, онда кем дегенде екі аптадан кейін вирус шарықтау кезеңіне жетеді.

"Егер сіз менен дүниежүзілік пандемия қашан саябырситынын болжауды сұрасаңыз, онда бұл мен үшін Қытайдағы жағдайды болжаудан әлдеқайда қиын екенін айтар едім. Не себепті? Басқа елдерде күтпеген факторлар көп. Бірақ жағдай дәл қазіргідей жалғасатын болса, тағы екі аптадай уақыт қажет болады деп қорқамын", - дейді Чжун Наншан.

Оның пікірінше, індет мемлекеттер үкіметі қатаң шаралар қабылдаған жағдайда ғана саябырсиды.

«Мысалы, Италияның солтүстігін, қатты зардап шеккен аймақты алайық. Онда науқастары жоқ кішкентай қалалар бар. Онда қатаң шаралар енгізілді, адамдар қашықтықты ұстайды, маска тағады. Сондықтан қазір оны болжау өте қиын», - дейді сарапшы.



ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі COVID-19 инфекцияларының шыңы сәуір айында болады деп мәлімдеді.

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимін 30 сәуірге дейін ұзартқан болатын.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр