Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цземин 96 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цземин 30 қарашада 96 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі "Синьхуа" басылымына сілтемемен.

Цзян Цземин

"Цзян Цзэминь жолдастың қайтыс болуы біздің партиямыз, біздің әскерилеріміз және барлық этностық топтан тұратын халық үшін орны толмас қаза", - делінген Қытай коммунистік партиясының, парламентінің, министрлер кабинетінің және әскерилерінің Қытай халқына жолдаған қаралы хатында.

Цзян Цзэминь 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарған. 



"Цзян Цзэминь 2022 жылы 30 қарашада 12:13-те (Астана уақытымен 10:13) Шанхайда лейкоз және көп мүше жетіспеушілігінен 96 жасында қайтыс болды", - делінген сайт таратқан ақпаратта.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Цзян Цзэминнің денсаулығында күрделі мәселелер бар деген ақпараттар тараған. Оның Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығын мерекелеуге келмеуі бұл ақпаратты растаған да еді.

Талқылау