Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан келген "белгісіз" тұқымды еккен ер адам өте тез өсіп, жеміс берген өсімдікті көріп таңғалған

Арканзас штатындағы Бунвилл қаласының тұрғыны Дойл Креншоун Қытайдан келген белгісіз тұқымдарды отырғызып, жемісін көргенде таңғалған. Өйткені, тұқым өте тез өсіп, үлкен ақ жемістер сала бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ақш

Жергілікті басылымдар хабарлағандай, белгісіз тұқым тез өсіп, үлкен ақ жемістер өсе бастаған. Дойл Креншоун (Doyle Crenshawn) Қытайдан келген тұқымның бұлай тез өсу себебін анықтап көреді. 

"Екі апта сайын мен тұқымға тыңайтқыштар құйдым. Содан тез өсе бастады", - деді ол.

Нәтижесінде өсімдік алдымен қызғылт-сары болып гүлдеген, кейін  үлкен ақ жемістер беріпті. Америкалық тұрғын жергілікті биліктің тыйымдарына қайшы өсімдіктік отырғызған екен. 

Белгілі болғандай Дойл Қытайдан келген "жұмбақ" тұқымды алған төрт елдің (АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия және Ұлыбритания) жүздеген адамдарының бірі ғана екен. Кішкентай түссіз пакеттерде белгісіз өсімдіктердің қара немесе ақ тұқымы салынған екен. Сонымен қатар аспан асты елінен келген сәлемдеме сыртына ойыншықтар мен әшекейлер бар деп жазылған екен.

2 тамызда АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайдан тұқым салынған сәлемдемелердің құпиясын түсіндіргені белгілі болды. Әр түрлі сәлемдемелердің мазмұнын талдағаннан кейін сарапшылар адам өміріне қауіпті емес өсімдіктердің тұқымы деп тұжырымдады. Атап айтқанда, біз қырыққабат, қыша, орамжапырақ, раушан, жалбыз, лаванда туралы айтып отырмыз. Мұндай сәлемдемелерді жіберудің мақсаты — зиянды шабуыл емес, қытайлық интернет-дүкендердің жасап отырған алаяқтығы екен. 

Талқылау