Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалбыздың денсаулыққа пайдасы қандай?

Жалбыз - ағзаға пайдалы көптеген қасиеттері бар ең танымал өсімдіктердің бірі. Оның қасиеттерін ұзақ уақыт тізіп айтуға болады. Ең негізгілерін қарастырайық.

Жалбызды қолдану аясы өте кең. Тамақ дайындауда және медицинамен қатар косметика өндірісінде, ароматерапияда және басқа салаларда қолданылады. Жалбыздың керемет жағымды хош иісі бар екенін бәрі біледі. Ол сусындар мен тағамдардың дәмін толықтырып қана қоймай, адамның жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер етеді. Жалбыз өте көп мөлшерде эфир майлары, илік және биологиялық белсенді заттар, глюкоза, фитонцидтер, майлар, каротин, минералды тұздар сияқты пайдалы компоненттерден тұрады. Бұл өсімдік С және Р дәрумендеріне бай.

Өздеріңіз білетіндей, жалбыз құрамында ментол көп мөлшерде болады. Бұл элемент ауруды басатын қасиеттерімен танымал. Сонымен қатар, оның антисептикалық және спазмолитикалық әсері бар. Ментол жүрек бұлшықетінің жұмысын қалыпқа келтіретін коронарлық тамырлардың кеңеюіне ықпал етеді. Жалбызды тіс ауруы кезінде қолдану тиімді. Әрине, тыныс алу жолдарының аурулары мен бронхитті емдеуде осы халықтық әдістің пайдалы қасиеттерін бағаламау мүмкін емес. Бұл науқастың жөтелгендегі жағдайын едәуір жеңілдетеді, тамақ ауруын жояды, жұтынуды жеңілдетеді және қақырықты шығаруға ықпал етеді.

Жалбыздың бас сақинасын емдеуде кеңінен қолданылатындығын бәрі біле бермейді. Шекеңізді жалбыздың кесілген жапырақтарымен сүрту жеткілікті, сонда ауырсыну басылады, ал оның сергітетін жағымды хош иісі жүрек айнуды басады. Жалбыз майы ингаляцияға өте тиімді. Мұндай процедуралар суық тигенде тыныс алуды жеңілдетеді және емдеу үдерісін едәуір жеделдетеді. Жалбыз жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған көптеген кешенді дәрі-дәрмектердің бір бөлігі болып табылады - мысалы, валокордин, Зеленин тамшылары және т.с. Асқазан-ішек жолдары ауруларынан болатын тәбет жоғалуы кезінде жалбыз қайнатпасы көп көмектеседі. Жалбыздың негізінде қайнатылған шайдың пайдалы қасиеттері көп: ол керемет хош иіске ие және дәмі тіл үйіріп қана қоймайды, сонымен қатар күйзелісті басып, жүйке жүйесін тыныштандырады және ұйықтауды жеңілдетеді.

Талқылау