Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан келген 171 қазақстандық карантиннен шығарылды

Алматыдағы ауруханадан Қытайдан оралған 171 қазақстандық шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, стационарда эвакуацияланған студенттерден бөлек, үш отбасылық жұп, 9 және 6 жастағы екі бала болды. Олардың ауруханадан шығар кездегі жағдайы - «қанағаттанарлық» екен.

Қала ауруханадан шыққандарды үйлеріне жеткізу үшін 14 автобус бөліпті.

Еске салайық, бұған дейін Бейжіңде қалған азаматтардың тағы бір толқыны елімізге оралғаны жайлы айтылған еді. 


 

Талқылау