Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы тәжірибелі бразилиялық спортшымен жұдырықтасады

Қытайдың қазағы Тайлақ Нұражы Қытайдың Макао қаласында өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Naiza

Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы кезекті жекпе-жегін Қытайдың Макао қаласында өтетін Happy elephant тұжырымында өткізеді. 12 қазан күні болатын турнирде Тайлақ (11-1)  тәжірибелі бразилиялық Аллиссон Барбосаға (21-10) қарсы жекпе-жекке шығады. Бұл жекпе-жек қандасымыз үшін аса маңызды, әрі жауапкершілігі мол болмақ. Өйткені бразилиялық жауынгер бұған дейін Тайлақтың 3 бірдей жерлес ағаларын жеңіп кеткен. Одан бөлек, UFC тұжырымына да өту мүмкіндігі осы кездесуге байланысты болмақ. 

Айта кетейік, Тайлақ Нұражы соңғы жекпе-жегін Shui Combat-1 турнирінде өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен еді. 

Талқылау