Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы Shui Combat-1 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Қытайдың қазағы Тайлақ Нұражы Қытайдың Құлжа қаласында өтетін Shui Combat-1 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Naiza

Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы Қытайда өткен турнирдің басты кездесуінде жекпе-жекке шығып, жарқын жеңіске қол жеткізді. Құлжа қаласында өткен Shui Combat-1 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен Тайлақ қазақстандық спортшы Кирилл Карпекинге қарсы жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша Тайлақ кәсіби мансабындағы он үшінші жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсті. Бір қызығы. Тайлақпен жекпе-жекке шығудан жиырмадай спортшы бас тартқан. Тек Ақсу қаласында өткен WKG & M-1 Global турнирінде Тайлақпен бір кардта өнер көрсеткен Кирилл Карпекин ғана жекпе-жекті қабылдаған. 

Айта кетейік, Тайлақ Нұражы Тайлақ Нұражы Naiza 57 турнирінде бразилиялық Дуглас Пуманы ауыр нокаутқа жіберіп, қазақстандық жанкүйерлердің жадында жарқын жеңісімен қалған еді. 

Даурен Түлкібай
Дүйсенбі, 12 Тамыз, 2024 11:49
Талқылау