Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы апатқа ұшыраған Boeing ұшағының барлық жолаушылары мен экипажы қаза тапты деп танылды

Қытайда апатқа ұшыраған Boeing 737-нің барлық 123 жолаушысы мен тоғыз экипаж мүшесі қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар апатқа ұшыраған ұшақтың бортындағы 120 адамды ДНҚ нәтижесі бойынша анықтай алды. 

Естеріңізге сала кетейік, China Eastern Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы 21 наурызда ҚХР Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырап, орман өртін тудырды. Азаматтық авиация басқармасы China Eastern Airlines авиакомпаниясы оқиғаны растады. Бортта 132 адам, 123 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған.

 

 

STAN.KZ
Жексенбі, 27 Наурыз, 2022 12:59
Талқылау