Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда Тоқаев тек қазақ тілінде сөйледі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы мемлекеттік сапары аясындағы кездесулердегі баяндамасы тек қазақ тілінде болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, мемлекет басшысы барлық жерде қазақ тілінде ғана сөйлеген.

 «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», – деп жазды ол.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы бұл ресми сапары мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейінгі алғашқы келуі. Бұған дейін ол Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанда болған.

Мемлекет басшысының бірнеше тілді жетік меңгергені белгілі. Алайда, қытай тілін ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында білім алғаннан бері үйреніп келе жатыр.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Қыркүйек, 2019 11:20
Талқылау