Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда соңғы тәулік ішінде коронавирустан бірде-бір өлім тіркелмеді

Қытай билігі елде алғаш рет тәулік ішінде ешқандай өлім тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирусЕлде соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 32 адамға артты, барлық жаңа жағдайлар шетелден келгендерден табылған.

Айта кетейік, Қытайда COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны наурыз айынан бастап қысқарып келеді, алайда ҚХР індеттің екінші толқынына тап болды, бұл жолы вирус шет елден тараған. Ресми денсаулық сақтау органдарының мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде сырттан келген мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған.

Індет басталғаннан бері Қытайда жұқтырғандар саны 82 мыңнан астам адамды құрайды. Коронавирустан туындаған асқынулардан 3,3 мыңнан астам көз жұмды. Жұқтырғандардың басым бөлігі - 77 мыңнан астам адам сауыққан.
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2020 09:40
Талқылау