Қытайда өткен UFC турнирінде өнер көрсеткен қос қазақ жеңіліп қалды
Қытайда туған қазақ спортшылар әлемге әйгілі UFC тұжырымының Қытайда өткен турнирінде жекпе-жекке шығып, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
Этникалық қазақтар Мақсат Қайсар мен Балғын Жеңісұлы UFC тұжырымының Қытайдың Макао қаласында өткізген UFC Fight Night турнирінде жұдырықтасып, жеңіліске ұшырады. Road to UFC турнирінің финалына жолдама Балғын (16-5) Naiza лигасының экс-чемпионы корейлік Су Енгке есе жіберсе, Мақсат Қайсар бразилиялық жауынгерге қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша қарсыласына есе жіберді. Осылайша, этникалық қос қазақ Қытай жерінде өткен турнирде жергілікті қазақ жанкүйерлерді қуанта алмады.
Айта кетейік, Road to UFC турнирінің жеңімпазы атанған спортшы UFC тұжырымымен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болады.
Талқылау