Қытайда коронавирустан шетел азаматы көз жұмды
Қытайдың ухань қаласында алғыаш рет коронавирустан шетел азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Пекиндегі АҚШ елшілігінің New York Times басылымына хабарлауынша, қалада 60 жастағы америкалық әйел 6 ақпанда қайтыс болған.
«Біз қайтыс болған марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», – деді елшіліктің өкілі.
Қазіргі уақытта АҚШ-та 12 адам коронавирусын жұқтырған. Олардың ішінде қайтыс болғандар жоқ.
Жапон елінің ІІМ Ухань қаласының ауруханасында өз елінің азаматының көз жұмғанын хабарлады.
«Қытай дәрігерлерінің мәліметінше, ол азаматтың Жапон еліндегі коронавирустың жаңа түрін жұқтырып алу ықтималдылығы жоғары. Бірақ оны анықтау қиынға соғады. Сол себептен өлім себебі өкпе қабыну вирусы болып қабылданады», – деп жазады «Риа Новости».
Соңғы мәліметтерге қарасақ, көз жұмғандар саны 724 адамға жеткен. 34,8 адам жұқтырған. Оның 2050-і аурудан жазылып шыққан.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
