Қытайда 200 метрлік ғимарат өртенді
Қытайдың оңтүстігіндегі Чанша қаласының орталығындағы кеңсе ғимаратын жаппай өрт шарпыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Channelnewsasia арнасына сілтеме жасап.
200 метрден астам China Telecom ғимаратының ондаған қабаты қатты өртеніп, аспанға қою түтін тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 қабатты үйдің сырты өртенген.
Хунань провинциясының өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше, өртті сөндіруге 300 өрт сөндіруші мен 40-қа жуық техника жұмылдырылған. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары басталды.
Зәулім ғимарат 2000 жылы салынған, содан кейін ол қаладағы ең биік ғимарат болды. Оның биіктігі 218 метрге жетеді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді