Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Тоқаевтың Синьцзян лагеріндегі мұсылмандарға қатысты пікіріне жауап берді

Қытай билігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайына қатысты сөздеріне жауап берді.

10 маңызды құжатқа қол қойылды: Қасым-Жомарт Тоқаев  ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді

Қытай БАҚ-тарының хабарлауынша, Бейжің Қазақстан президентін Синьцзян-Ұйғыр Автономиялы аймағындағы жағдайға қатысты ұстанымын қолдаған «позитивті пікірлері» үшін мақтады және «кейбір елдердің» жалған ақпарат таратуға деген әрекеттері ешқашан нәтиже бермейді деп атап өтті.

«Президент Тоқаевтың бұл мәселедегі мәлімдемесі екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі өзара сенімділікті көрсетті. Оның сөздері кейбір елдердің жалған мәлімдемесіне қарсы болды. Адамдар жақсы мен бұрысты жаманды айта алады», - деді Қытай СІМ өкілі Хуа Чунин сейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.


Тағы оқыңыз


Пекиннің мәлімдемесі 4 желтоқсанда Қазақстан президенті Германияның Deutsche Welle телеарнасына берген сұхбатында ШУАР-да ұйғырлар мен қазақтардың «саяси қайта тәрбиелеу лагерлерінде» қалуы туралы түсінік бергеннен кейін жария болды.

Тоқаев Шыңжандағы жағдай Қытайдың ішкі ісі екенін, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының бұл тақырыпқа қатысты көптеген мәлімдемелері шындыққа жанаспайтынын айтты.

Талқылау