AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар: Қытай Шығыс Еуропа елдері арасында беделін "сатып алып жатыр"

Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне Қытай капиталының ағылуы ол мемлекеттердегі заңды және басқару стандарттарының төмендеуіне әкеліп соғуда. Бұл туралы Демократияны зерттейтін Болгария орталығы жариялаған баяндамада айталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме беріп. 

Билборд “Қытай Президентіне алғыс сөздер”. Белград, 30 Наурыз, 2020 жыл

2009 жылдан бастап қытайлық компаниялар аймақтағы компаниялардың акцияларын сатып алуға шамамен 14 миллиард доллар инвестиция салды деген болжам бар. Соңғы жылдары инфрақұрылымға, энергетикалық және телекоммуникациялық компанияларға қытайлық инвестициялардың ағыны артып келеді. Олардың жалпы сомасы 50 миллиард долларға бағаланады. Бұл ретте қытайлық инвесторлар жиі жеңілдіктер алады, ал олардың нарыққа келуі сыбайлас жемқорлықпен шамалас процедуралармен қатар жүреді.

Мәліметтерге сәйкес, экономикадағы қытайлық инвестициялар көлемінің өсуі жанамалы түрде Қытайдың саяси ықпалының өсуіне әкеледі. Қазіргі уақытта Бейжіңнің белсенділігі Чехия, Венгрия, Босния, Черногория және Сербияда байқалады.


Үш реттік ыстық ас, тасымалданатын дәретханалар: Германиядағы АҚШ әуебазасына жайғасқан мыңдаған ауғандықтың суреттері пайда болды 


Қытайдың батыс Балқанға саяси және экономикалық әсерін кеңейтудің негізгі орталығы Сербия деп жазылған. Орталық және Шығыс Еуропаның бүкіл аймағы қытай капиталының ЕО-ға енетін "артқы есігі" деп аталады.

Баянадамада Қытай Батыс Балқан елдерінің ЕО-ға кіруіне тосқауыл болмайтыны жазылған. Алайда Қытай ықпалының өсуі олардың еуропалық бағыттағы дамуына, соның ішінде қытай инвесторлары үшін ашық бәсекелестікке зиян келтіретін заңдар мен нормалардың қабылдануына серпін бермек. Сондай-ақ Қытайдың көмір өндіру және көміртегі шығарындыларын ұлғайту инвестициялары ЕО-ның климаттың өзгеруіне қарсы ұзақ мерзімді стратегиясына қайшы келеді. Сондықтан бұл факторлан Батыс Балқан елдерінің ЕО-ға кіруіне кедергі келтіруі мүмкін.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр