AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай өз пайдасы үшін әлемді құтқарудан бас тартты

Қытай басшысы Си Цзиньпин өз елінің пайдасы үшін әлемді құтқарудан да бас тартуға дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, климат мәселелерін шешу экономикаға кері әсерін тигізбеуі қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап. 

Қытай

Саяси бюро отырысында Си Цзиньпин көмірқышқыл газының бөлінуін азайту азаматтардың әл-ауқатына зиянын тигізбеу қажет екенін айтып өтті. Азық-түлік, қуат және тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуге арналған материалдарды жеткізу Қытайда негізгі басымдыққа ие. Ел басшысының айтуынша, Қытай көмір, мұнай және газ қорының жеткілікті екеніне толық сенімді болуы қажет. Си Цзиньпин экологияны қалпына келтіру үшін азаматтардың әл-ауқатын сарп ете алмайтынын қосып өтті. 

Қаңтар айында Greenpeace мамандары Қытайдың уәде етілген уақытта көмірқышқыл бейтараптығына жете алмайтынын мәлімдеген. Ел үкіметі СО2 бөлінуді 2060 жылға қарай азайтуды жоспарлаған. Алайда мамандар Қытай Халық Республикасындағы электрлі көліктердің дамуын есепке ала отырып мұның мүмкін емес екенін жеткізген. Greenpeace сарапшылары Қытайға уәдесін орындауы үшін 2030 жылға қарай іштен жанатын қозғалтқыштан бас тартуға кеңес берді. 

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар ғаламдық жылынудың жаңа туған нәрестелер денсаулығына зиян екенін айтқан. Израиль ғалымдары ауа температурасының көтерілуі баланың тез салмақ жинауына әсер ететінін анықтады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр