Қытай Орталық Азия елдеріне 1,5 миллиард юань көлемінде қайтарымсыз көмек береді
Фото: cgtn.com
Қытай Орталық Азия елдеріне жалпы сомасы 1,5 миллиард юань болатын қайтарымсыз гранттар береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Астанадағы "Орталық Азия – Қытай" саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді.
"Қытай Орталық Азия елдерінің халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға және олардың тәуелсіз даму жолын қолдауға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 1,5 миллиард юань көлемінде қайтарымсыз грант беруге дайын", – деді Си Цзиньпин.
"Қытай Қазақстанға ешқандай саяси шарт қоймайды": Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды
Сонымен қатар оның сөзінше, алдағы екі жыл ішінде Қытай Орталық Азия елдерінің азаматтары үшін кәсіби даярлық курстарына қатысуға 300 квота бөлуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін қытайлық банк Қазақстан даму банкіне 1 миллиард доллар бөлетіні туралы жазған едік.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
