Қытай Қазақстанға жаңа көліктерді "қолданылған" көлік ретінде экспорттап келген – БАҚ
Фото: Ru.freepik.com
Қытайлық автотөндірушілер шетелге көлік сатылымын арттыру үшін жылдар бойы көлегейлі тәсілді пайдаланып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Gazeta.ru баслымының мәліметінше, Қытай жаңа көліктерді Ресейге, Орталық Азия елдеріне (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан) және Таяу Шығысқа жөнелтіп отырған. Қытайлық компаниялар осы тәсілмен көліктерін 2019 жылдан бері шетелге сатып келген.
Яғни, экспорттаушы жаңа автокөлікті не тікелей өндірушіден, не дилерден сатып алады, оны Қытайда тіркейді және шетелге жөнелту үшін “қолданылған” деп белгілейді. Осылайша, автокөлік өндіруші бұл көлікті бірден сатылған ретінде тіркеп, табысын есепке алады.
Пайдаланылған автокөліктер әдетте едәуір жеңілдікпен сатылады. Мұндай тәсіл өндірушілерге жаңа көліктерді "қолданылған" деп көрсетіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі орталық үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша есеп беру үшін сату көрсеткіштерін формалды түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Great Wall Motor компаниясының басшысы Қытай нарығында бәсекелестерінің дәл осындай әдісті қолдануын сынға алғаннан кейін бұл тәжірибеге билік те назар аударған.

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
