"Қытай АҚШ-пен соғысуға дайындалып жатыр": АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы мәлімдеме жасады
АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы Фрэнк Кендалл америкалық биліктің Қытай Халық Республикасымен ықтимал әскери қақтығысқа дайындалуы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кендалл Вашингтонды Қытаймен соғысуға дайындалуға шақырып, қақтығысты ауыздықтап, жеңіске дайын болу керектігін баса айтты.
Оның пікірінше, АҚШ "заманауи тәжірибесі жоқ соғыс түріне дайын болуы керек".
Министр егер Американың әскери әлеуеті Қытайдың Тайваньға агрессиясын тоқтата алмаса, қақтығыс басталуы мүмкін екенін жеткізді. Ол Пекин Вашингтонмен қарулы қақтығыс үшін өз армиясын дайындап жатқанын айтты.
"Қытай 20 жылдан астам уақыт бойы Батыс Тынық мұхитында АҚШ-ты жеңу үшін өзінің супердержавалық мүмкіндіктерін оңтайландыруда", – деді Кендалл.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”