Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарына 100 күн қалды: Қазақстанның қоржынында небәрі екі ғана жолдама бар

Фото:МОК

Дәл 100 күннен кейін, яғни 2026 жылдың 6 ақпанында, Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде жалауын көтереді. Алайда әзірге Қазақстандық спортшылар небәрі екі ғана жолдамаға ие болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсеке 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Бұл додада барлығы 195 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында қысқы Олимпиада ойындарына небәрі екі жолдама ғана бар. Оның бірін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров иеленген. Айта кетейік, Михаил Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Гран-При жарысының қола медаль иегері. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда өткен төрт құрлықтың басты додасында топ жарған.

Ал өзге спорт түрлеріндегі квоталар алдағы уақытта әлем кубогі кезеңдері кезінде үлестіріледі. Қазірше алдын ала бөлінген квоталар саны мынадай:
    •    Шаңғы жарысы – 7
    •    Тау шаңғысы – 2
    •    Шаңғы қоссайысы – 2
    •    Биатлон – 3
    •    Шорт-трек – 9

Алайда бұл квоталар әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысына қарай өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, Milano Cortina 2026 ресми сайтының мәліметінше, алдағы қысқы Олимпиадаға 85 елден шамамен 3000 спортшы қатысады. Олар 16 олимпиадалық дисциплина бойынша 116 жүлде жиынтығын сарапқа салады деп болжанған.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 14:13
Талқылау