Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай қызды зорлады деген күдікті Бурабайда ұсталды

Ақмола облысында Бурабай курортында Көкшетауда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды.

2443400

4 тамызда Көкшетау қаласының Ішкі істер бөліміне жергілікті әйел кісіден 2005 жылғы қызын белгісіз ер адамның зорлағаны туралы арыз жазған, деп хабарлайды Sputnik.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ізкесушілер қылмыс жасалған “Бармашино” ауданының аулаларын шолып шығып, жергілікті  тұрғындармен сауда орталықтарының жұмысшыларымен сөйлесті. Іздеу шаралары барысында қылмыс жасалған күні күдіктіні көрген куәгерлер табылды. Олар күдіктінің қолында жол сөмкесі болғанын айтқан. Осыған байланысты күдікті өзге қаладан келгені туралы болжам жасалды.

Сондықтан барлық видеокамера тесеріліп, күдіктінің жүрген жолдары анықталды.

21 тамызда Бурабай ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдіктінің облыс орталығына жұмыс іздеп келгені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр.  Ер адамның осы тектес өзге де істерге қатысы бары анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Құрбан шалуға қатысты сұрақтар: Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

Қазақстандық спортшы ел қоржынына Универсиаданың екінші алтынын салды

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу арманы екенін айтты (видео)

Талқылау