Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кішкентай әйел махаббат үшін жаратылған": Мәдина Сәдуақасова бойының қысқалығы туралы айтты

Мәдина Сәдуақасова бойының қысқалығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай әйел махаббат үшін жаратылған: Мәдина Сәдуақасова бойының қысқалығы туралы айтты

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желідегі парақшасында суретін жүктеп бойының қысқа екенін айтқан. Тіпті нақты бойы қанша метр екенін жазуды да ұмытпаған. Алайда өнер иесі бұл кемшілігіне қысылмайтын көрінеді. Ол кішкентай әйелдердің махаббат үшін жаратылғанын айтты.

"Кішкентай әйел махаббат үшін жаралған деп, 158 см боймен махаббатқа шомылып жүрген сол. Кеш қайырлы болсын, достар", - дейді Мәдина Сәдуақасова. 

Желідегілер парақшадағы жазбадан көрі, өнер иесінің киіміне көп мән берген сыңайлы. Олар әншінің жейдесіндегі жалаңаш адамдарды көріп шошып кеткен. 

"Үстіңізге тәуірлеу кисеңіз қайтер еді", "Киімі ұяттау екен", "Жасыңыз қырыққа келді ғой", "Не болып кеткен. Алла сақтасын", "Ашық киінбейтін, инабатты әншілердің қатарынан едіңіз ғой, суретіңіз не?" - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау