Әкесі Димаш Құдайбергеннің қашан үйленетінін айтты
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев ұлының алдағы жоспарларымен және Нью-Йоркте өткен концерттен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Литер" басылмына сілтеме жасап.
Сурет: Қанат Айтбаевтың Instagram парақшасынан
Жас әншінің қашан үйленейін деп жүргені әлі белгісіз көрінеді.
"Ол жас жігіт қой. Үйленгісі келсе, үйленеді. Кішкене күтіңіздер. Бір күні үйленеді ғой", - деді Димаштың әкесі.
Бұған қоса Қанат Айтбаев баласының Нью-Йоркте өткізген концерттен кейін біраз демалу керектігін айтып, өзінің алған әсерімен бөлісті.
"Біздің өткен концерттен алған әсеріміз өте керемет. Біз бұны ұйымдастыруға көп күш жұмсаған едік. Уақыт белдеулерінің ықпалы да бар. Қазір денсаулығымызды қалыпқа келтіру үшін біраз уақыт қажет. Дегенмен концерттің нәтижесі күш салуға тұрарлық болды. Әлемдік сахнада орындалған қазақ әндерін, домбыра күйі мен ұлттық нақышта дайындалған киімдерді айтсаңызшы, қандай ғажап болды", - деп қосты ол.
Естеріңізге салайық, Димаш концертімен Америка жұртын аузына қаратқаны жайлы жазған едік. Келген тыңдармандар көздеріне жас алып, әнші әлем жұртының ықыласына бөленген еді.