"Қыс мезгілінде әкем есіме түседі": Мөлдір Мұқанова марқұм әкесін еске алып жылап қалды
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова марқұм әкесін еске алып, сағынышын басты. Әзілкештің әйелі қыс мезгілін ерекше жақсы көретінін айтты.
Мөлдір Мұқанова қыс мезгілінде марқұм әкесімен байланыстыратын естеліктер көп екенін айтады. Содан болар, аязды уақытты ерекше жақсы көреді.
“Кеше құрбыларыммен көлікте кетіп бара жатқанымызда менің қыс мезгілін қалай жақсы көретінім туралы әңгіме қозғалып кетті. Мен еш ойланбастан, одан сайын қыстың сүйкімділігі туралы рахаттанып, эмоциямен ақтарылып әңгіме айтып отырғанымды байқаған бір құрбым “Бала кезіңізде ерекше есте қалатындай әдемі сәтпен байланысты болып тұр” дегені сол еді, көзімнен жас бұрқ ете қалды”, – деп жазды ол желіде.
Қыс кезінде бала күні мен әкесінің қамқорлығы үнемі елестейді. Суық күндермен жылы естеліктері байланысты. Мұны көпшілікке білдірмегенімен ара-тұра еске алып, көз жасына ерік береді.
“Көз жасымды құрбыларыма білдіртпеуге тырыстым. Есіме әкем түсті. Күнделікті кешке бізді жұмысының қасындағы үлкен, сондай биік сырғанаққа апарып, әбден құмарымыз қанғанша ойнатып келетін. Үлкен қызметіне қарамастан арасында бізбен бірге ойнап, балаша қуанатыны да көз алдымда”, – деді Мұқанова.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
