"Кірпік жасаймын деп көзіме желім тамызып алды": Сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда азаматтар қайда шағымдана алады
Алматы тұрғыны Кәмшат Дербісәлиева қаладағы сұлулық салондарының біріне шағымданды. Айтуынша, салондағы кірпік жасайтын шебер бір көзіне желім тамызып алған. Соның салдарынан жанары ашып, қызарып кетіпті. Дәрігерлер де әйелдің көзінің шырышты қабығы аллергиялық қабынғанын растайтын анықтама берген екен. Алайда сұлулық салонындағылар өз кінәларын мойындай отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
38 жастағы алматылық Кәмшат Дербісәлиева 8 мың теңге төлеп, үнемі баратын қаладағы сұлулық салондарының бірінде кірпік жалғатыпты. Алайда 6 ақпанда жаңадан келген маман кірпікті жалғап жатқанда, көзіне желім тамызып алған. Соның кесірінен көзі қызарып, аши бастаған. Көзі ауырғандықтан дәрігерлер қаралыпты. Ал ақ халаттылар аллергиялық коньюктивит деген диагноз қойған екен.
“Олар мойындағысы келмейді. Салонды ашқан адам жауапкершілікті жақсы-жаманымен мойнына алу керек деп есептеймін. Менен ешқандай кешірім де сұраған жоқ. Қоңырау шалып, бір ауыз "Тәте кешіріңізші, шығындарыңызды өтеп береміз" деп айтпады, мен де адаммын ғой”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Кәмшат Дербісәлиева.
Сұлулық салонының өкілдері бұл мәселеге қатысты жауап беруден бас тартып отыр.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, елде қызмет көрсету сапасына қатысты шағымданушылар көп. Бірақ олардың тек 40%-ы ғана сотқа дейін жетеді екен. Тұтынушылардың қалған 60%-ы өзіне деген әділетсіздікке көз жұма қарайтындарын айтады. Құқық қорғаушылар тұтынушыларға сапасыз қызмет алған жағдайда дәлелдермен бірден сотқа жүгінуге кеңес береді.
“Егерде тұтынушының денсаулығына қандай да бір зиян туындайтын жағдай болатын болса, қызмет ұсыну жағынан, сол денсаулығына және де өзінің психикалық жүйесіне зиян келген кез келген жеке тұлға осы моральдық шығынды өтеуге байланысты, денсаулығына келген зиянды өтеуге байланысты арнайы сотқа талаппен жүгіне алады”, – деді құқық қорғаушы Бабыр Шаяхметов.
Алматылық Кәмшат Дербісәлиева азаматтық сотқа арыз беріпті. Ол көзін щақымдағандар өтемақы төлесін деп талап етіп отыр. Айта кетейік сапасыз көрсетілетін қызметтің салдарынан азаматтардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келсе, оны "Тұтынушылардың құқығын қорғау" заңы аясында толық көлемде өтету құқығы бар.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
