Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кірісі 500 миллион теңгеден асқан: Астанада әйел элиталық тұрғын үй кешенінде жезөкшелер үйін ұйымдастырған

Астанада элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел азаматтық некедегі күйеуімен бірге бір жыл уақыттан астам жезөкшелер үйін ұйымдастырып келген. Елеорда соты оларға 4 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pexels-тен

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеменің барлық кезеңдегі кірісі 500 миллион теңгеден асқан.

"Жезөкшелер үйін әйел азаматтық некедегі күйеуімен бірге ұйымдастырған. Олар элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінен күн сайын бірнеше пәтер жалдаған. OLX сайты арқылы интимдік қызмет көрсететін қыздарды тауып алып, ол жерде массажист ретінде жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялаған. Ол сондай-ақ Kizdar.net сайтында да жарнамалаумен айналысқан, тіпті қыздардың профильдері осы сайттың ТОП-ында болған. Олар күніне 800 мың теңгеден 2,5 миллион теңгеге дейін табыс тапқан", - деді олар”, – 

Сот притонның негізгі ұйымдастырушысын төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына, ал оның серіктесін төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Талқылау