Қырғызстанда Жогорку Кенештің жаңа спикері тағайындалды

Парламенттің кезектен тыс отырысында «Бір Бол» фракциясынан депутат Мықтыбек Абдылдаев Жогорку Кенештің спикері болып сайланды.

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (парламентінің) спикері Дастан Жұмабеков заң шығарушы органның кезектен тыс отырысында отставкаға кетуге өтініш жазды, деп хабарлады вице-спикер Мирлан Бакиров.

Саясаткер Садыр Жапаров Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында премьер-министр болып сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, ол 6 қазанға қараған түні босатылды.

Кездесу «Достук» қонақ үйінде өтіп жатыр, өйткені Жогорку Кенештің ғимараты басып алынып, сол жерде өрт шыққан.

Кеше «Ала-Тоо» алаңында оппозициялық күштер наразылық акциясын өткізді. Парламент сайлауының алдын ала нәтижелеріне наразы 3-4 мың адам жиналды.

Ақ үйдің қақпасына шабуыл жасамақ болғаннан кейін полиция мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс басталды. Түнде наразылық білдірушілер Ақ үйді басып алды.

Жогорку Кенештің жаңадан сайланған төрағасы Мықтыбек Абдылдаев Кубатбек Боронов премьер-министр қызметінен кетті деп мәлімдеді.

Ол Бороновтың өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр