Қырғызстанда алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық кәсіпкер ұсталды
Фото: eldala.kz
Қырғызстанда алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айында екі Бішкек тұрғыны Қырғызстанның құқық қорғау орындарына 1974 жылы туған З.А.А есімді азаматтың өздеріне сенімге кіріп, алдау жолымен 2,5 миллион доллар алғанын хабарлаған. Ол ақшаны Қазақстаннан Қырғызстанға астық өнімдерін әкеліп, мұнда толық өткізуге болады деген желеумен алған.
Алайда З.А.А қаражатты алғаннан кейін жасырынуға кіріскен. Оның үстінен "аса ірі көлемде алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Бішкекте ұсталды.
Дереккөздердің айтуынша, күдікті қазақстандық кәсіпкер Алмаз Зарипов. Ол – қазақстандық азық-түлік компаниясы KAZBRAND-тың директоры және "Қазақстанның агроөнеркәсіптік одағы" ЗТБ президенті.
Бішкек қалалық соты 23 тамызда тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, айыпталушы З.А.А-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. Ол 2025 жылдың 20 қыркүйегіне дейін, яғни тергеу мерзіміне сәйкес қамауда болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялаған еді.

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
