Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғын қазанға қайнатқан": Қырғызстанда 22 жастағы жігіт анасын бөлшектеп тастады деген күдікке ілінді

кастрюль

Фото: istockphoto.com

Бішкекте 22 жастағы жігіт анасын бөлшектеп, дене бөліктерін ас үйде қайнатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасына Боконбаев көшесі мен Манас даңғылының қиылысындағы үйлердің бірінен қатты жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы ақпарат түскен. 

Шақырту орнына барған учаскелік милиция инспекторы пәтерге кірген кезде әйелдің бөлшектенген денесін көрген.

Алдын ала мәлімет бойынша пәтерде 2003 жылы туған жігіт болған. Ол асүйде қазанға ет қайнатып отырған. Кейіннен белгілі болғандай, бұл оның 1976 жылы туған анасының дене бөліктері екен. Қалғаны тоңазытқыштан табылған.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.


Қазақстанда кәмелетке толмаған қыз танымал болу үшін мысықтың өлексесін бөлшектеп, желіге видеосын жүктеген


Жезқазғанда адамды пышақтап, мәйітін қоқысқа тастағандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті


Еске салайық, бұған дейін Алматыда 26 жастағы әйелдің бөлшектелген денесі қоқыс контейнерінен табылғанын жазған едік. Полицияның мәліметінше, ол азаматтық некедегі жолдасымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде жанжал шығып, ер адам әйелді пышақтап өлтірген. Кейін мәйітті бөлшектеп, контейнерге тастап кеткен. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 15:34
Талқылау