Қырғызстан үкіметін 33 жастағы Артем Новиков уақытша басқарады
Премьер-министрдің міндеті «Қырғызстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес, премьер-министрдің бірінші орынбасары, 33 жастағы Артем Новиковқа жүктелді.
Бұған дейін Новиков бұл қызметке үміткерлердің бірі деп аталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Жаңа премьер-министр ондай амбициясы жоқ екенін айтып, президенттік додадан бас тартты.
Артем Эдуардович Новиков 1987 жылы 13 қаңтарда Фрунзе қаласында - қазіргі Бішкек қаласында, Қырғызстанда дүниеге келген.
2007 жылы Балтық мемлекеттік техникалық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді.
Осы жылдары ол үш премьер-министрдің, Өмірбек Бабанов, Жомарт Оторбаев, Мұхаммедқалай Абылғазиевтің кеңесшісі болды.
2017 жылдың мамырында ол Қырғызстан президенті Кеңсесінің қаржылық-экономикалық талдау және дамуды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2020 жылы 14 қазанда ол Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
Премьер-министр Садыр Жапаров президент сайлауының нәтижелері анықталғанға дейін өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейін ол премьер-министрдің міндетін атқарушы болды.
Садыр Жапаров үкімет басшысының өкілеттігін тоқтатты, өйткені ол президенттікке үміткер болуға ниетті.
Сенбі, 16 қарашада Жапаров Қырғызстандағы президенттік сайлауға қатысуға өтініш берді. Президенттік сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
