Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қырағылық, жинақылық, қауіпсіздік": Мемлекеттік күзет қызметі өз кортежін көрсетті (видео)

Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі өз кортежінің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Тікұшақтың сүйемелдеуімен елорда көшелерінде бірнеше ондаған автомобиль жүріп өтті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

“Қырағылық, жинақылық, қауіпсіздік”, – деп жазылған видео астында.

Дегенмен желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі мұны құптаса, енді бірі "бос шығын" деп бағалады.

“Басқасын білмеймін, бірақ бейнебаян керемет шығыпты”, “Осы көліктерді шетелден таси бермей, Қазақстанда жинаса ғой...”, “Ал бұл көліктер қандай қаражатқа сатып алынды? Біздің қанымызға, халықтың ақшасына. Біз ақша табамыз, аман қаламыз және біреу олжаларымызды пайдаланып, Мерседес пен жол талғамайтын көліктерге мінеді”, “Көрінбейтін майданның сарбаздары, жолбарыстар, сымбатты жігіттер! Елдің бет-бейнесі, қызметтеріңізге табыс тілеймін!” – деп пікір білдірді оқырмандар.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында полиция түлектердің төрт кортежін анықтап, жүргізушілерді жауапқа тартқанын жазған едік. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше түсіндірме жұмыстарына қарамастан түлектердің бірқатары кортеж ұйымдастырған.

Талқылау