Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кір жуғыш машинаға "жуылып" шыққан мысық аман қалды

Мысық кір жуғыш машинадан аман қалдыФото: Monkey Business Images / Shutterstock / Fotodom

Қытайдың Цзянсу провинциясында мысық кір жуғыш машинаға кіріп, жуылып шыққанына қарамастан аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қызыққұмар мысық Цзинтяо кір жуғыш машинаның ішіне кірген. Иесі оны байқамай, 10 минуттық жуу бағдарламасын іске қосқан. Бағдарлама аяқталған соң киімдерді шығарып жатқанда, ішінен жануарды тапқан, малмандай су болған мысық дірілдеп тұрған. Әйелдің бақытына орай, мысықтың тек мұрыны қызарған және табаны аздап жарақаттанған. Иесі Цзинтяоны құрғатқан соң, ол бірден өзін жақсы сезінген.

Оқиға түсірілген видео 217 мыңнан астам “лайк” жинап, қызу талқыға түсті.

Кейбір желі қолданушылары мысықтың иесін немқұрайлылығы мен қатігездігі үшін айыптаса, басқалары әрқашан жуу алдында ішін тексеруді ұсынған. Әйел бұдан былай мұқият болуға уәде берген, алайда жануарды ішкі жарақаттарын тексеру үшін ветеринарға апарды ма деген сұраққа жауап бермеген.

Айта кетейік, бұған дейін ит түн ортасында үріп, өз иесін өлім аузынан құтқарып қалғаны хабарланған еді. 

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 02:30