Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kinopark Шымкенттегі кинотеатрларын жауып жатыр

Елдегі ең ірі кинокомпания өкілдерінің айтуынша, MegaPlanet, NauryzPark және HyperHouse сауда орталықтарындағы нысандар қаржылық мәселелерге қатысты жабылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз санитарлық дәрігердің кинотеатрлардың жұмысына қоятын талаптарына байланысты өз алаңдарымызды жабуға мәжбүрміз. Залды тек 30 пайызға дейін толтыру, мереке және демалыс күндері жұмыс істеуге шектеу қою, көрсетілетін кинолардың тапшылығы аймақтағы киноиндустрия жұмысына кері әсер етті. Көрермендер барлық сақтық шараларын сақтай отырып, демалғысы келеді. Бірақ билік бұған мүмкіндік бермей отыр. Шектеу кинотеатрларға кері әсерін тигізетіні айтпаса да белгілі. Біздің басқа шарамыз жоқ. Елдегі жағдай тұрақталғанға дейін кинотеатрлар қызметін тоқтата тұрдық", - деді олар.

Бүгіннен бастап Kinopark 5 MegaPlanet кинотеатры жұмысын тоқтатты. Жақын күндері Kinopark компаниясының Шымкент қаласындағы тағы екі кинотеатры - Kinopark 4 NauryzPark және Kinopark 5 HyperHouse кинотеатрлары жабылады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, 26 қазаннан бастап Қазақстандағы кинотеатрлар өз жұмысын қайта бастайды. Мұндай шешімді жақында ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Залдардың толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар, көрермендер барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.

Кинотеатрлардың ашылуына тек "жасыл" аймаққа кіретін қалалар мен аудандарда ғана рұқсат етілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр