Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында күйеуі киллер жалдап өлтірген әйелдің туыстары сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді

Алматы облысында күйеуі киллер жалдап, аяусыз өлтірген Светлана Ермошенконың туыстары сот шығарған үкімге келіспейді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оқиға былтыр болған. Александр Ермошенко баласын жалғыз тәрбиелеуді қалап, әйелін өлтіргісі келді. Оның көзін құрту үшін киллер жалдауға шешім қабылдады.

13 қарашада  Ермошенко әйелі мен баласымен Қапшағай тас жолымен жүріп, адам қарасы көрінбейтін жерге тоқтаған. Қажетін өтеу үшін көліктен 150 метр қашықтыққа кеткен. Осы уақытта жалдамалы киллер Матяшин келіп, көлікті ашып, қолында бір жасар қызы бар Светлананың басынан ұрған. Осыдан кейін ол әйелге 30-дан астам пышақ жарақатын салған. Баланың киімдері, күртешелері мен бас киімдері қанға боялған. Ал Светлана алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

"Ол көлікке келіп, көліктің еденінде жатқан баланы қолына алған. Әйелінің өлімін бақылауды жалғастырған. Бұл ретте ер адам өлім аузында жатқан әйеліне: "Қымбаттым, мен сені өлтірдім" - деп айтады", - деді "НеМолчиKz" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова.

 



Жуырда Алматы облысы Қарасай ауданының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты күдіктілерге үкім шығарды.

Марқұмның бұрынғы күйеуі Александр Ермошенко 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал киллер Валерий Матяшин 15 жылға түрмеге тоғытылды. 

Бірақ Светлананың туыстары үкімді тым жұмсақ деп санайды. Олар қылмыскерлерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр